Кез келген шығармашылық байқаулар балаларға өз қабілеттерін іске асыруға, білім деңгейін тексеруге және жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. "Достық" балалар – жасөспірімдер шығармашылығы орталығы көркем бөлімі үйірмелерінің тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық және облыстық қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.


Жақында ғана өз жұмысын бастаған "орыс тілін үйренейік" үйірмесінің тәрбиеленушілері түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатыса бастаған Бірінші сынақ алаңы "Солнечный свет" халықаралық педагогикалық порталы және тек Ресейде ғана емес, ТМД елдерінде де, соның ішінде Қазақстанда да танымал "Инфоурок" ірі білім беру интернет – жобасы болды.


Орыс тілінен олимпиада материалдары орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған, ал біздің тәрбиеленушілеріміз қазақ мектептерінің оқушылары болып табылады.  Бірақ бұған қарамастан, бізде жеңімпаздар бар.


2019 жылдың сәуір айынан мамыр айына дейін олимпиадаларға "орыс тілін үйренейік"үйірмесінің 8 тәрбиеленушісі қатысты.


Орыс тілі пәнінен "Солнечный свет" Халықаралық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары, Красноярск қ., Ресей:


* І дәрежелі Дипломмен № 2 мектептің 5 сынып оқушысы Ислам Нұрбақыт марапатталды • ;


* ІІ дәрежелі Диплом-Гореев Ансар, № 2 мектептің 4 сынып оқушысы.

 

«Инфоурок»  орыс тілінен интернет – олимпиадасының жеңімпаздары:


* ІІІ дәрежелі Диплом: Гореев Ансар, № 2 мектептің 4 сынып оқушысы және Абил Айзере, № 1 мектептің 1 сынып оқушысы,


* Сертификаттары: № 1 мектептің 5-6 сынып оқушылары – Сарибай Дамира, Кісеке Сымбат, Тыныс Нұршат.


Жетекшісі: Динисламова Гүлмира Нұрлыбайқызы.


Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға жаңа шыңдарға жетуді және сәттілік тілейміз!