"Еркетай " шағын орталығы  2011 жылдан бастап жұмыс істейді.  Балалардың жас  ерекшеліктеріне сай 2 жастан 5 жасқа дейін 4 топ құрылған.  Жалпы шағын орталықта 100 бала тәрбиеленуде. Оқыту тілі-мемлекеттік  тіл.

Шағын орталықтың балалары «Мектепке дейінгі балаларға арналған робототехника» үйірмесіне барады. Ұйымдастырылған оқу қызметтері Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.Шағын орталық оқу әдістемелік құралдармен  және  заман талабына сай жабдықтармен толық қамтылған.