Мақсаттар мен тапсырмалар:

 

  Мақсаттар:

 

  Оқушылардың қажеттіліктерін жан-жақты рухани, физикалық және эстетикалық қанағаттандыру;

  • әрбір баланы тұлға ретінде адамгершілік , жеке және сараланған тәсілмен барынша дамыту;
  • әрбір оқушының мәдени, интеллектуалдық , эстетикалық және физикалық дамуын жоғары деңгейге жеткізу,

 

 Орталық тапсырмалары:

 

1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған жоғары сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

 

  2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене қабілеттерін дамыту, олардың қабілеттерін жүзеге асыру;

 

  3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту;

 

4) азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге, кез келген конституцияға қайшы және қоғамға жат көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

 

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасын қалыптастыру;

 

6) балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау іс-шараларына тарту;

 

7) қоғамдағы өмірге бейімделу;

 

8) бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.

 

9) балалардың жеке басының дамуы, денсаулығын нығайтуы, кәсіби өзін-өзі анықтауы, шығармашылықпен жұмыс істеуі, олардың қабілеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;