Қарағанды облысының білім басқармасы Приозерск қаласының білім бөліміне қарасты
КМКҚ ««Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Құрылған жылы: 1981
Меншік түрі: мемлекеттік
Оқушылар саны: 1128 бала
Бағыттылығы: көппрофильді, кешенді қосымша білім беру ұйымы. Орталық білім беру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қызмет бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді.
Ғимараттың болуы: орталық 1981 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан, жалпы ауданы – 6908,4 ш.м. 2014 жылы ғимаратқа реконструкция жүргізілді. Орталық экологиялық таза аймақта, Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Жеке көркейтілген 1,3 га жер телімі бар. Орталық аумағында спорттық тренажерлар, футбол алаңы, демалуға арналған беседкалар, заманауи ойын кешені және балаларға арналған серуендеу алаңдары орналасқан.
Жұмыс ұйымдастыруы: орталықтағы сабақтар 2 ауысымда өткізіледі. Сабақтардың басталуы – 8:30, аяқталуы – 19:00. Орталыққа 5–18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде білім алатын балалардың саны – 80 %. Педагогтердің басым бөлігі екі тілді меңгерген, бұл аралас тілде оқытылатын топтарды жасақтауға мүмкіндік береді.
Спорт бөлімінде төмендегі секциялар жұмыс істейді:
• Таэквондо
• Волейбол
• Дзю-до
• Бокс
• Қазақша күрес
• Футбол
• Жас су құтқарушы
Көркем шығармашылық бөлімінде жұмыс істейді:
• «Вдохновение» хореографиялық үйірмесі
• «Сувенир» қолданбалы өнер үйірмесі
• «Қызықты математика» үйірмесі
• «Қазақ тілі мен әдебиеті» үйірмесі
• «Радуга» вокал үйірмесі
• «Английский язык» үйірмесі
• «Знай-ка» үйірмесі
• «Школа лидеров» үйірмесі
• «Перевоплощение» театр үйірмесі
Музыка бөлімінде 2 бағыт жұмыс істейді:
• Фортепиано класы
• Домбыра класы
«Перевоплощение», «Радуга», «Вдохновение» үйірмелерінде, сондай-ақ фортепиано және домбыра кластары бойынша оқыту ақысы – айына 3000 теңге.
Қалған үйірмелер мен секцияларда оқу – тегін.
Балаларды үйірмелер мен секцияларға қабылдау оқу жылы бойы бос орындарға жүргізіледі. Қосымша білім беру орталығына баланы E-daryn.kz порталы арқылы жаздыруға болады.










