2019 жылы 6 сәуірде ""Достық" БЖШО" КМҚК концерт залында домбыра сыныбының есеп беру концерті өтті. Концертке 1-ден 5-сыныпқа дейінгі 27 оқушы қатысты.


Домбыра сыныбының есептік концертін өткізу біздің тәрбиеленушілеріміз үшін игі дәстүрге айналды. Бұл концерттің мақсаты – халық музыка өнерінің дәстүрлеріне баулу, халық музыкасының үздік үлгілеріне тәрбиелеу және рухани байыту.


Концертке №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5,6 сынып оқушылары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері шақырылды.


Кеш соңында көрермендер өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға жақсы өткізілген кеш үшін алғыс білдірді

.