Азаматтық және патриоттық сезімді қалыптастыру, өз елінің рәміздеріне, оның тарихына, дәстүрлеріне, өз азаматтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың 12 желтоқсанында педагог Лахова Жансая Нүрсейтқызы "Менің Қазақстаным – менің болашағым!" атты сабақтан тыс іс-шара өткізді.

     

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.

 

Балалар назарына Мұқағали Мақатаевтың "Отан" өлеңі ұсынылды.

 

"Отан" сөзін қалай түсінесіңдер?" деген сұраққа балалар дұрыс және мазмұнды жауап берді.".

 

Содан кейін балалар республикамыздың туған қалалары туралы айтып, Отан туралы өлеңдер оқыды, Қазақстан туралы бейне көрді. Іс-шара соңында тәрбиеленушілер мұғаліммен бірге Е.Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін орындады.