Қазақстан ұлттық федерациясының ЮНЕСКО Клубтарының қолдауымен балалар мен жастарды дамыту, олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағдарын ынталандыру және оларды төзімділік пен мейірімділік рухында тәрбиелеу мақсатында Халықаралық "Ақ БАСТАУ" балалар суреттерінің интернет – байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға барлығы 7 елден 2402 жұмыс ұсынылды, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Украина, Үндістан, Канада. Байқауға 75 өнер мектебі, көркем мектеп, өнер колледжі, колледж және басқа оқу орындары қатысты.
"Бейнелеу өнері", "ДПИ", "Скульптура" номинацияларында байқауға 2402 қатысушылардың ішінен әртүрлі жас санатында 267 бала жүлделі орындарға ие болды:
"5-8 жас аралығындағы бейнелеу өнері" бойынша - 72 бала;
"9-12 жас аралығындағы бейнелеу өнері " бойынша - 79 бала;
"16-18 жас аралығындағы бейнелеу өнері " бойынша - 26 бала;
"ДПИ" - 64 бала;
"Мүсін" - 26 бала.
"Знай - ка" үйірмесінің 35 тәрбиеленушісі осы байқауға қатысты. Екі тәрбиеленуші 267 жеңімпаз қатарына енді!!!
Котова Варвара – "5-8 жас аралығындағы бейнелеу өнері" санатында ІІ жүлделі орынға ие болса және Долотова Екатерина "5-8 жас аралығындағы бейнелеу өнері"санатында дипломант атанды.
Халықаралық "АҚ БАСТАУ"конкурсының жеңімпаздарын дайындағаны үшін үйірме жетекшісі Ильтнер Зауреш Тлеутаевна және балалар шығармашылығын дамытқаны үшін "Достық" БЖШО» орталығы дипломдармен марапатталды.
https://center-dostyk.edu.kz/zhe-impazdar/227-a-bastau-2.html#sigProIdff36a5834b