Балалар жұмыстарының есептік көрмесі ұйымдастырылып өткізілді
2019 жылдың 30 сәуірінде балалар жұмыстарының есептік көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Қонақтар мен көрермендер назарына "Ересек", "Орташа", "Кіші" жас ерекшеліктері бойынша, "Знай-ка" үйірмесінің бейнелеу өнерінің жұмыстары ұсынылды.
«Знай-ка» үйірмесінің тәрбиеленушілері Халықаралық және Республикалық деңгейдегі фестивальға қатысты.
2019 жылдың 15 - 23 наурыз аралығында «Знай-ка» үйірмесінің тәрбиеленушілері Халықаралық және Республикалық деңгейдегі 2 суреттер байқауы мен 1 фестивальға қатысты.
«Знай - ка»
Біздің «Достық» орталығымызда әрбір тәрбиеленуші өзінің маңыздылығын сезінеді, шығармашылық немесе спорт бағытында өзін өзі таниды, түрлі байқауларға қатысады.
«Сырлы суреттер»
"WWW.ped.kz. Қазақстан ұстаздары" білім беру сайтымен қашықтықтан өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Talent Akademy" редакциясымен бірге "Знай - ка" үйірмесінің 33 тәрбиеленушісі, Ильтнер Зәуреш Тілеутайқызының жетекшілігімен "Сырлы суреттер" байқауына қатысты.
"ІІІ Халықаралық балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының "Гармония" фестиваль – байқауы" және "ІІ Халықаралық "Шаг вперед" байқауы" ұйымдастырылып өткізілді
Дарынды жас орындаушыларды анықтау және қолдау мақсатында, пікірлестермен қарым – қатынас жасау мүмкіндігі үшін, Қарағанды қаласында "ІІІ Халықаралық балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының "Гармония" фестиваль – байқауы" және "ІІ Халықаралық "Шаг вперед" байқауы" ұйымдастырылып өткізілді.
Турнир талантов
«Сувенир» және «Қызықты математика» үйірмесінің тәрбиеленушілері, «OQU.ZAMAN» қосалқы білім сайтының ұйымдастырумен өткізілетін конкурстарға, бірнеше жылдан бері қатысып келеді.