2018 жылғы 14 желтоқсанда Сары-Шаған ст.ЖОББМ базасында қазақша күрес бойынша аймақтық жарыстар өтті. Жарысқа, Сары-Шаған стансасының, Мыңарал стансасының, Мирный кентінің және Жамбыл облысының Шығанақ стансасының 120 жас спортшылары, Приозерск қаласының ""Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" КМҚК тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылардың жасы 8-ден 12-ге дейін. Сондай-ақ, жарысқа 55-70 кг салмақ дәрежесінде 13 спортшы қатысты.


Жарыс жүлдегерлері:

Сәбіт Ерік-70 кг салмақ дәрежесі-3 орын;

Жумабек Ислам-1 орын;

Гайыбов Самат-1 орын;

Ықыпасов Бейбарыс-2 орын;

Сулайман Ерлан-3 орын.