7 маусымда музыка бөлімінде бітіру кеші өтті, онда түлектерге мемлекеттік үлгідегі құжаттар - музыка мектебін бітіргені туралы Куәлік табыс етілді. Қоштасу сөздерін директор С. Б. Попченко және педагогтар Е. Н. Волкова, Е. А. Литвинова, А. Р. Ахатаева айтты.

Барлық ата-аналар балаларға музыка өнерін үйретуге көмектескені үшін алғыс хаттармен марапатталды. Ата-аналар мен оқушылар мұғалімдердің музыкалық сыйлығын өте жылы қабылдады. Соңында оқушылар тыңдаушыларды өздерінің сүйікті музыкалық шығармаларын ойнаумен қуантты.