2023 жылғы 18-20 мамырда Қарағанды қаласында Дзюдо күресінен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшын іріктеу жарысы өтті. Жарысқа Приозерск қаласының «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы командасынан 3 дзюдошы қатысты. Аталған жарыстың  60 кг салмағында Жұмабек Исламбек қола медаль жүлделісінің иегері атанды.

2023 жылғы  27-30 маусымда Жұмабек Исламбек Өскемен қаласында өтетін жарыста Қарағанды областының намысын қорғайтын болады.

Бапкері Жоламан Купяшаров.