2023 жылғы 20 мамырда "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында "И снова вместе!" тақырыбында есепті концерт ұйымдастырылып өтті. Концерттік бағдарламаға музыка және көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Мерекелік бағдарламада Орталықтың барлық бағыттары бойынша: аспаптық орындау, вокал, хор, хореография және театрландыру қойылымдары ұсынылды. Сахнада барлық орындаушылар өздерінің шеберліктерін, педагогтардың кәсібилігі мен сауаттылығын, тәрбиеленушілерінің дарындылығын тағы да растады. Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде концерт жоғары деңгейде өтті. Көрермендер сахнаға шыққан әрбір қатысушыны қошеметпен қарсы алды. Залда шығармашылық атмосфера орнап, мерекелік көңіл-күй көрермендерді де, оқушыларды да бейжай қалдырмады.