Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

2023 жылғы 15 мамырда Орталықтың көрермендер залында қала тұрғындарының тартуына айналған Қазақ музыкасының концерті өтті

Аталған іс-шараның мақсаты – бүгінгі таңда өнерді қолдау, дамыту және музыка мәдениетінің жетістіктерін дәріптеу.
Концертте музыка бөлімінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. "Балбырауын" домбырашылар ансамблінің, "До-ми-солька" хорының және "Радуга" вокалдық студиясының, фортепиано сыныбының тәрбиеленушілері мен мұғалімдерінің орындауында қазақтың халық әуендері мен әйгілі шығармалардың заманауи интерпретациялары орындалды.
Музыкалық кештің бағдарламасында классикалық, қазақ халық музыкасы және хор музыкасы орындалды.
Музыка өткенді, бүгін мен болашақты жалғастырушы, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлтымыздың құнды мәдени мұрасы.. Ұлттық өнеріміздің мерейі биіктеп, көсегесі көгере бергей.

{gallery}55/17{/gallery}