4 мамыр күні «Достық» орталығының концерт залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Аталмыш концертке орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілері, ардагерлер кеңесінің өкілі белсене ат салысты. Іс-шара барысындағы қойылымдар көрерменді сол соғыс жылдарындағы оқиғаларды елестетіп, көзге еріксіз жас келтірді. Жиналған жұртшылық сол жылдардағы қанды қырғын мен халықтың жеңіске деген зор ерік-жігерін сезінгендей болды.