Наурыздың 2-сі күні ««Достық» БЖШО» КМҚК қатысушылар мен көрермендер үшін нағыз сиқыр, қуаныш пен шабыт көзі болған «Букет чарующих улыбок» атты мерекелік концерті өтті. Концерт Халықаралық әйелдер күніне арналды.
Концерттің негізгі қонақтары, әрине, біздің оқушыларымыздың аналары мен әжелері болды, олар орталықтың тәрбиеленушілерінің көріністерінен эмоциялардың жарқын түстерін алды.
Жарқын, көңілді, әртүрлі концерт бағдарламаларын жарқын, қызықтыратын нөмірлерін тамашалау мүмкүндігін орталықтың педагогтары мен оқушылары сыйлады. Жас әртістер домбырашылар ансамблі, хор және жеке ән айту, өлеңдер, театрландырылған қойылымдар, хореографиялық нөмірлер сияқты түрлі жанрлардағы әртүрлі нөмірлерді орындап өздерінің шеберліктері мен таланттарын көрсетті.
Орталықтың педагогтары дайындаған аналар туралы бейнебаян ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ, «Мамы разные нужны, мамы разные важны... ».
Концерт бір деммен өтті. Игілікті көрермендер «Достық» орталығының талантты тәрбиеленушілерінің түрлі-түсті және жанды нөмірлерінен ляззат алып, жауап ретінде қызу қол шапалақ сыйлады.
Мектептің фойесінде көркем өнер бөлімінің тәрбиеленушілері жасаған «Мамин праздник» шығармалары көрмесі ұйымдастырылды.
Ата-аналар әртістерге ляззат алғанына, оң эмоцияларына үлкен алғыс және педагогтарға терең ризашылығын білдірді, себебі балаларды адамдарға қуаныш пен күлкі сыйлауға үйрету үлкен жұмыс.
«Достық» орталығының педагогтары мен тәрбиеленушілеріне табыстар мен жетістіктер, шығармашылық шабыт, алға жетелейтін ниетті тілегім келеді! Біздің «Достық» орталығының осындай концерттері біздің көрермендерімізді алдағы күндері де қуантатын болады деп үміттенеміз.
Көркем шығармашылық бөлімінің меңгерушісі З.Т. Ильтнер