2023 жылдың 22 наурызында қаламыздың орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі өтті. Мереке күні ұйымдастырылған іс-шараларға орталық ұжымы мен тәрбиеленушілері белсене ат салысты. Орталықтың атынан құрылған киіз үй және киіз жанындағы көктем ағаштары мен безендірілген ақ түйе алаңға ерекше көрік берді.

Киіз үйде ұлттық тағамның бірі жент жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ киіз үйге киізден, жылтыр моншақтан жасаған балалардың жұмыстары және көркем  өнер педагогтарының жүн мен акрил жіптерінен жасаған суреттері ерекше сән берді.

Қалалық іс-шараға біздің орталықтың жас балуандары мен боксшылары да белсенді қатысты, олардың арасында ақшалай сертификаттармен, чемпиондар белбеулерімен және кубоктарменмарапатталған жүлдегерлеріміз де бар. Ал, «Вдохновение» би үйірмесінің тәрбиеленушілері болса, көктемгі гүлдер сияқты тамаша мерекені өз өнерлерімен жандандыра түсті.