17 наурызда фортепиано бөлімдері тәрбиеленушілерінің 11-ші облыстық «Қосалқа» ансамбльдік музыкалық шығармашылық байқау-фестивалі өтті. Байқау-фестивальді ұйымдастырушылар «Сарырқа дарыны» облыстық ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығы мен ЮНЕСКО клубының «N3 балалар музыка мектебі». Іс-шараның мақсаты – ұжымдық музыка жасаудың бір түрі ретінде ансамбльдік орындаушылықты сақтау және дамыту. Байқау қорытындысы бойынша «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері Жақсылық Қайрат пен Жақсылық Нұртас 9-11 жас аралығы бойынша «Фортепиано ансамблі» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді.