2023 жылдың наурыз айында Қарағанды ​​облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп жас музыканттардың 56-шы облыстық фестиваль-байқауын өткізді. Байқауға музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдары, фортепиано солистері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 429 адам. Байқаудың мақсаты – қатысу-шылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберлігін арттыру, қазіргі қоғамдағы музыкалық өнерді насихаттау, классикалық дәстүрдің жаңа прогрессивті ағымдармен байланысын іздестіру, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту. Байқау қорытындысы бойынша "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Исаева Жибекке қатысушы сертификаты берілді.