2023 жылдың 25-27 қаңтар  күндері Балқаш қаласында 2007-2008, 2010-2011 жылдар арасында ДЗЮДО күресінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа Астана, Жезқазған  қалалары мен облысымыздан жалпы  саны 13 команда  қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 38 кг салмақта Тәңіберген Нұрасыл ІІ орынды жеңіп алса, 42 кг салмақта Сейілхан Дархан жүлделі ІІІ орынды иеленді.