"Үстел теннисі" секциясының есебі.
2022 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа "Достық" орталығының жас теннисшілері мен Сары-Шаған темір жол станциясының теннисшілері қатысты. Жарысқа 20 бала қатысты. 10 ұл және 10 қыз. Жасөспірімдер арасындағы жарыстың жүлдегерлері:
Сағадин Сұлтан (Достық орталығы) - бірінші орын,
Сағадин Думан (Достық Орталығы) - екінші орын,
Наурызбаев Жомарт және Нұрманғали Дамир (Сарышаған тж.станциясының мектебі) - үшінші орын .
Қыздар арасындағы жарыстың жүлдегерлері: Орынбасар Бибіжамал, Оралбек Аружан, Кенбай Әмина. Жарыс барысында туындаған даулы жағдайға байланысты төрешілер арасындағы келісім бойынша барлық үш қызға бірінші орын берілді. Төрешілер құрамы: Орынбасаров Бердібек, Оспанов Ерік, Ахметов Досжан. Жарыс оқушылардың ата-аналары қатысқан көрермендер тарапынан спорттық толқу мен қолдау атмосферасында өтті. Жүлделі орындарға ие болмаған тәрбиеленушілерге жұбаныш сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Жас спортшыларымызға табыс тілейміз.
https://center-dostyk.edu.kz/novosti-kz/862-sorevnovaniya-po-nastolnomu-tennisu-2.html#sigProId1ff2abddc4