2022 жылдың қараша айының 15 күні "Достық" БЖШО КМҚК БОКС үйірмесінде Орталықтың қосымша білім беру педагогы УМБЕТКУЛОВ Б.К. жетекшілігімен "Сериялы соққыларды жетілдіру" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында сериялы соққыларды қолдана отырып шабуылдау және қорғану тәсілдеріне арналған серіктеспен және жекелей орындалатын жаттығулар жасалды. Және тақырыпқа сәйкес теннис доптарымен, медицинболдармен және басқа да қүралдармен арнайы жаттығулар орындалды. Жаттығу барысы өте тартымды және қызықты өткізілді. Ашық сабаққа бақылаушы ретінде орталығымыздың әдіскері Литош.И.Н. және спорт бөлімінің меңгерушісі Орынбасаров Б.О қатысып, өз пікірлерін білдіріп, балаларға сәттілік тіледі.

*   *   *

15 қараша күні, өскелең ұрпақтың жүрегіне "Табиғат" туралы жақсылық нәрін себу, табиғаттың қадір-қасиетін бағалауға, құрметтеуге баулу мақсатында "Вдохновение" және "Жас қаламгер" үйірмелерінің ұйымдастырумен "Күз келбеті" атты экологиялық іс-шара өткізілді.