Қараша айының үшінші жұлдызында Турдыбаева Гүлжайна Келдібайқызы «Қазақтың ұлттық бұйымдары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты қазақ халқының ұлттық бұйымдарымен таныстырып, әшекей бұйымдар туралы толығырақ мағлұмат беру. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында қазақ халқының әшекей бұйымдарын кеңінен насихаттауда тақырыпқа сәйкес бейне баян көрсетіліп, қойылым қойылды. Үйірме тәрбиеленушілері жан – жақты дайындалған көрнекілік материалдар арқылы әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қызыға орындап, өздерінің сөздік қорларын дамытуға талпынды.
Сабақ соңында тәрбиеленушілер өзіндік ой-пікірлерін, қөзқарастарын, танымдық - толғамдарын сұрақ- жауап арқылы толықтырды.