"Достық" БЖШО" КМҚК жанынан Қамқоршылық кеңес құрылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына шақырылады:
1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) әрбір үйірмеден немесе секциядан осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттіктері.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5)қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Білім беру ұйымдарының қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.
Білім беру ұйымының қызметкерлері Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге жәрдемдеседі.
Байналыс телефоны: 5-25-15
Мен ____________________, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі ретінде менің кандидатурамды қарастыруыңызды сұраймын. Менің ________________________ (қызым, ұлым) 2022 жылдың «____» ________________ бастап "_________________________________________" үйірмесіне қатысады. Осыған байланысты мен «Приозерск қаласының «Достық» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің құрамында болғым келеді