Қалыптасқан дәстүр бойынша желтоқсан айының тоғызыншы жұлдызында «Достық» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығында тәуелсіздік күніне арналған «Туған жерім - Қазақстан» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға орталықтың 235 өнерлі өнерпаздарымен бірге, «Еркетай» шағын орталығының бал тілді бүлдіршіндері де қатысты. Маңызы мен мәні зор мерекелік концертте ән мен би, жыр мен күй төгілді. Жиналған қауым бұл іс – шарадан рухани азық алып, көңілді көңіл күйде тарқасты.