2021 жылы 23 тамызда «Балаларға қосымша білім беру» бөлімі бойынша қалалық тамыз секциялық конференциясы онлайн режимінде өтті. Конференция барысында 2021-2022 оқу жылында балаларды қосымша білім беру мекемелеріне қабылдау ережелері көрсетіліп, музыка, спорт және өнер-эстетикалық бөлімдердегі жұмыс әдістері, психологиялық көмек орталығында жұмыс істейтін инклюзивті білім беру жүйесі ұсынылды.

Қосымша білім беру педагогы Сейтенова А.Б. «Көркем еңбек сабағында тәрбиеленушілердің шығармашылығын дамыту» тақырыбында баяндама ұсынды, «Сувенир» сәндік -қолданбалы өнер үйірмесінің жұмыс жүйесін көрсетті.

Музыкалық бөлімшесінің  педагогы  Ахатаева А.Р. «Музыкалық мектепте оқудың бастапқы кезеңінде оқушының отбасымен педагог-музыканттың қарым -қатынасы» атты баяндамасында ол жас музыканттар отбасымен жұмыс жасаудың негізгі аспектілерін атап өтті және өзара әрекеттесудің ең тиімді жолдарын ұсынды.

Спорт бөлімшесінің  бастығы Орынбасаров Б.О. баяндамасында спорт түрлерімен айналысуға қазіргі балаларды тарту әдістерін  анықтады.

Психолог Литош И.Н. конференция қатысушыларына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды табысты әлеуметтендіруге бағытталған «Сенім» психологиялық орталығында жұмыс істейтін инклюзивті білім беру моделін ұсынды.

Қосымша білім беру педагогы Волкова Е.Н. «Қосымша білім беруді жаңғырту аясында музыкалық білім беруде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы баяндамасында жас музыканттармен жұмыс әдістерін атап көрсетті.

Педагог Арзибеков М.А. «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған робототехника сабақтары, олардың артықшылықтары мен ұйымдастыру тәсілдері» атты баяндамасында мектеп жасына дейінгі балалармен робототехника бойынша сабақтар мен жарыстарды ұйымдастыру құрылымын ұсынды.