Қарағанды облысының білім басқармасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қарағанды облысының білім саласындағы 100 жаңа есім"кітабын шығарды. Бұл кітапта қаламыздан біздің орталықтың жаттықтырушы-оқытушысы Үмбетқұлов Бейбіт Кенжебайұлы ұсынылды. Оның кандидатурасын Қарағанды облысы білім басқармасының сараптамалық кеңесі бекітті. Бекіту кезінде номинанттың педагогикалық қызметі, оның сіңірген еңбегі, марапаттары ескерілді. Бұл кітапты бүгін Приозерск қаласының білім бөлімінің басшысы Гуля Кеңесқызы Касимова салтанатты түрде табыс етті. Бейбіт Кенжебайұлын құттықтаймыз!