Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Қарағанды облысының Білім басқармасы мен "Сарыарқа дарыны" ҰББ ӨҒТО ұйымдастырған барлық іс-шаралар осы күнге орайластырылған. Жақында "Тәуелсіздік кинолентасы" балалар киносының облыстық фестивалі өтті, оған біздің орталықтың тәрбиеленушілері қатысты. "Телевизиялық сюжет" номинациясына көркем шығармашылық бөлімінің тәрбиеленушісі Шабден Алихан және педагог Турдыбаева Гүлжайна Келдібайқызы қатысты. Олардың біздің қаламыз туралы сюжеті І жүлделі орынға ие болды. "Өткір әлеуметтік бағыттағы ролик" номинациясына музыка бөлімінің тәрбиеленушісі Есения Демидова және педагог Елена Николаевна Волкова қатысты. Олардың "Коронавирус - стоп" ролигі ІІІ жүлделі орынға ие болды. Бүгін қалалық білім бөлімінің басшысы Гуля Кеңесқызы Касимова жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыс етті. Фестиваль жеңімпаздарын құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс тілейміз!