6.03.19 ж. "Достық" орталығының концерт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік кешті "Балбырауын"домбыра ансамблі ашты. Жасжүргізушілер барлық аналарға, олардың қамқорлығына, шыдамдылығына және жан-жақты махаббатына алғыстарын білдірді.


Музыкалық бөлімнің жастәрбиеленушілері ата-аналарды хор және жекеқойылымдарымен қуантты. Бағдарламада "Домисолька", "Апрель" және "Нарисуй" балалар хорының көктемгі әндері шырқалып, Слободян Василиса мен Долгова Алина жеке нөмірлерімен өнер көрсетті.


Концерттік нөмірлер жанрларының әртүрлілігі көрермендерді таңқалдырды: хореографиялық және театрлық қойылымдар, жас музыканттардың аспаптық музыкасын орындауы, ағылшын тіліндегі әндер мен өлеңдер, жас суретшілердің өз аналарына портреттер табыстауы.


Әр нөмірде көрерменге арналған балалар махаббаты және көктемгі шабыт сезілді.


Барлық әйелдерді көктем мерекесімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға тамаша көңіл-күй, мықты денсаулық және шығармашылық шабыт тілейміз!

.