Міне, көптен күткен көктем де келді, ал онымен бірге сүйікті мереке – 8 наурыз! Бұл мереке балалар да, үлкендер де сүйікті аналарын, әжелерін, апаларын құттықтау үшін күтеді. Біздің сүйікті аналарымыз ерекше құттықтауларға ие болады, өйткені әр адам үшін ана – жердегі ең жақын және қымбат адам.


Біздің "Балауса" шағын орталығында 6 наурыз күні "Бүкіл ғаламшарда аналардың күлімсіреуі гүлдене берсін" атты ертеңгілік өтті. Осы мерекеге балалар мұқият дайындалып, өлең оқып, ән айтып, би биледі, сондай-ақ сүйікті аналарға сыйлықтар жасады. Мерекелік іс-шараны балалар "Поцелую маму" әнімен және "Дочки-сыночки" әдемі биімен ашты, ал өз әжелері үшін балалар "Карело-финская полька" қасық биін орындады. Балалар өлең айтып, "Аналарға арналған букет жина", "Анам жұмысқа бара жатыр" ойындарын ойнады. Ойын шақырылған қонақтар үшін де өткізілді. Балалар өз аналарын "Сәбиді кім тез орайды" ойынында уайымдап, қолдау көрсетті.


Мерекелік ертеңгілік соңында балалар аналарға әуе шарлары мен өз қолдарымен жасалған әшекейлерді сыйлады.
Балалар ертеңгілігін ұйымдастырған педагогтарға, ата-аналар мерекелік көңіл-күйлері үшін алғыстарын білдірді.

 

"Балауса" шағын орталығының әдіскері       Г.Т. Узалина

.