2018 жылдың 21 қарашасында "Happy englich" үйірмесінде педагог Лахова Жансая Нүрсейтқызымен "Денсаулығым – байлығым!"(СӨС) атты сынып сағаты өткізілді. Сабаққа орталық педагогтары қатысты.
Сынып сағатының басты мақсаты: салауатты өмір салты және оның денсаулыққа қауіп-қатерін анықтайтын факторлар туралы білім беру.
Балалар адамның денсаулығына, оның жұмысқа қабілеттілігіне, еңбек және демалыс режимінің маңызы мен сақталуы туралы білім алды. Сабақ барысында балалар үш топта жұмыс істеді. Сабақ денсаулыққа қатысты түрлі тапсырмалары бар 5 түрлі бөлімнен тұрды.
Әрбір топ денсаулық туралы өлең оқып, жаман әдеттер туралы айтты, мысалы темекі шегу, алкоголь және т.б.
Балалардың назарына денсаулық туралы презентация ұсынылды, одан кейін балалар өз пікірлерін білдірді.
Сабақ соңында "Менің атым Қожа" фильмінен қысқаша үзінді көрсетіліп, қаралған соң балалар осы үзіндіні сахналады.
Сабақ қызықты болды. Қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.