2018 жылдың 7 қарашасында "Балауса" шағын орталығында "Алтын күз" мерекелік ертеңгілік өтті. Іс-шараны музыка жетекшісі А. Р. Ахатаева шағын орталықтың педагогикалық құрамымен бірлесіп дайындады. Ата-аналар ойындар мен биге арналған атрибуттарды дайындауға, сондай-ақ залды безендіруге белсене қатысты.

 

Ертеңгілікте басты кейіпкер Күз болды, ол өзінің сиқырлы пайда болуымен балалардың қызығушылығын арттырды. Ол "Жапырақтарды сал", "Қолшатырлар", "Себетте не барын тап" сияқты қызықты ойындар өткізді.

 

Балалар жақсы көңіл - күйде болды, ойындарға белсенді қатысып, өлеңдер оқыды, әндер орындады. Барлық көрермендерге "Саңырауқұлақтар" биі ұнады»

 

Ертеңгіліктің қорытынды бөлімінде Күз алма мен каравай себетін ұсынды.

 

Ертеңгілікке тәрбиеленушілердің ата-аналары, сонымен қатар Приозерск қаласының білім бөлімінің әдіскерлері, "Достық" БЖШО КМҚК директоры, педагогтар мен мамандар шақырылды.

 

Іс-шара балаларға да, шақырылған қонақтарға да ұнады.