2018 жылдың 26 қазанында "Жас су құтқарушы" секциясында педагог И. П. Павленко "адамның табиғатқа субъективті қатынасы"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: қоршаған орта жағдайына жауапты, табиғат байлықтарына ұқыпты қарайтын, экологиялық сауатты, әлеуметтік белсенді оқушыларды тәрбиелеу.
Әңгіме барысында суға түсу маусымы мен аң аулау маусымы кезінде Балқаш көлінің ластану түрлері қаралды. Ойын түрінде орманда өзін-өзі ұстау Ережелері бекітілді. Көлдер мен өзендердің, сондай-ақ үлкен қалалардағы ауаның және қоршаған ортаның ауқымды ластануының статистикалық деректері атап өтілді.
Балалар әңгіме барысында бір-біріне біздің табиғатымыз бен Балқаш көлінің жағалауына мұқият болға сөз берді. Іс-шара соңында жағалау жиегін қоқыстан тазарту акциясы өткізілді.