Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Жаз «Шағала» лагерінен басталады!

КМКҚ "Достық" Оқушылар шығармашылық орталығының базасында жазғы мектеп жанындағы "Шағала" лагері өз жұмысын бастады!

6-дан 14 жасқа дейінгі 80-нен астам бала күн сайын күнге қыздырынып, шомылып, түрлі ойындар мен қызықты іс-шараларға қатыса алады.

Лагерьде төрт отряд жұмыс істейді, әрқайсысы төрт табиғи стихияны бейнелейді:

«Су» — қозғалыс пен сергектіктің белгісі,

«От» — шабыт пен жылудың символы,

«Жер» — сенімділік пен тұрақтылықтың нышаны,

«Ауа» — еркіндік пен шығармашылықтың көрінісі.

Балалар белсенді ойындарға қатысып, достар тауып, әр күнді жарқын әсерлерге толтырады. Жазғы лагерь — ұмытылмас сәттер мен шынайы бақыттың ордасы!

Барлық балаларға тамаша демалыс, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын жаз тілейміз!