Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ! НҰРСҰЛТАН ҚЫСТАУБАЙ ШРИ-ЛАНКАДА ЕЛ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ

2025 жылғы 9-24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен Азия чемпионатында Приозерск қаласының спортшысы Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанды. Халықаралық деңгейдегі беделді бәсекеде Нұрсұлтан өз салмағында жоғары нәтиже көрсетіп, таланты мен төзімділігінің арқасында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл — оның тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларымен бірлескен жүйелі дайындығының нәтижесі. Азия чемпионаты – құрлықтың ең мықты спортшыларын жинайтын айтулы дода. Мұндай жарыста жүлде алу — үлкен абырой. Нұрсұлтан Қыстаубайдың жеңісі Приозерск спорты үшін тарихи оқиға болып отыр. Жас спортшыны шын жүректен құттықтап, алар асуы әлі алда екенін зор сеніммен айтамыз. Жеңісің құтты болсын, Нұрсұлтан!