Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

2025 жылдың 9 – 11мамыр күндері дзю-до күресінен Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 атты әлемдік дода Ел Ордасы Астана қаласында өтті

Төрткүл дүние көз тіккен жарысқа әлемнің 49 елінен 426 дзю-дошы қатысты. Елімізде үшінші рет өткізіліп отырған жарысқа Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп Қазақстан дзю-дошыларын қолдады. Аталған жарысқа "Приозерск қаласының «Достық» балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК командасының жас дзю-дошылар тобы бапкері Жоламан Қырымұлы басшылығында барып, Еліміздің дзю-дошыларына қолдау көрсетіп және жас дзю-дошыларға әлемнің тәжрибелі дзю-дошыларының күресін көрсетіп қайтты.