26 ақпан мен 6 наурыз аралығында "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында тілдер апталығы өтті. Педагогтар ойын технологияларын қолдана отырып сабақтар өткізді. Бір апта ішінде мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру мақсатында "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Көркем сөз", "Ағылшын тілі" және "Учим русский язык" үйірмелерінің тәрбиеленушілері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған бейне жазба түсіріп, аудио ертегілер жазды. "Түлкі, қоян және әтеш", "Түлкі, тасбақа және кене", "Арыстан мен тышқан" үздік аудио ертегілері "Приозерск FM" радиосының редакциясына жіберілді. Үздік бейне құттықтау үшін педагогтар А.М.Сәрсенбаева, Г.Т.Арынова, Г.К.Турдыбаева құрмет грамоталарымен марапатталды, педагог Г.Ж.Тынысоваға алғыс хат табысталды.