2025 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды қаласында облысымыздың дарынды орындаушыларының басын біріктірген «Өнер әлемі» облыстық вокалдық байқауы сәтті өтті.
Шара жаңа музыкалық дарындарды ашу және шығармашылық тәжірибе алмасу алаңына айналды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлік пен вокал өнеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Бұл сайыста өнерлі шәкірттеріміз Сейтәли Айару мен Жанабай Карима жақсы өнер көрсетті. Айару 2-орынға ие болды, Кариманың әлі барлық жеңістері алдыңда.
Байқау ұмытылмас болды: әрбір қойылымда шынайы эмоциялар мен музыкаға деген шынайы махаббат! Шабыт, энергия және арманға деген сенім үшін жұлдыздарымызға рахмет!
Балаларына қолдау көрсетіп, сенім білдірген ұстаз Құрбанбаева Асель Жанатовнаға және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Біз бірге үлкен жеңістерге жетеміз!
Сізге жаңа биіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
«Өнер әлемі» облыстық вокалдық байқауы















