"Достық" орталығында шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Орталықтың шығармашылық ұжымы бұл концертке зор ықыласпен дайындалды. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні күмбірлеген күй, әсем ән, жалынды би, әсерлі қойылымдар қойылды. Концерт жүргізушілері де өнер сүйер қауымға ерекше әсер қалдырды. Өнерпаздар жиналған қауымға өнерлерін паш етіп, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Құрметті арулар, көктем мейрамы көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан осылай көктемей құлыпырып, жайнап, көрікті болып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!