2024 жылғы 13 және 14 наурызда орталық тәрбиеленушілерімен "Тиімділік инноваторы" табиғи ресурстарға ұқыпты қарау тақырыбында сабақтар сериясы өткізілді. Аталмыш тақырып аясында балалар өздеріне таныс әдістермен бөлісіп,  электр энергиясы мен суды үнемдеудің жаңа және тиімді әдістерін білді. Педагогпен бірге жылу электр орталығы мен гидроэлектростанцияның қалай жұмыс істейтіні анықталды. Соңында қолда бар құралдардан ЖЭО мен гидроэлектростанция  салынды. Сабақтарды орталықтың психологы Литош И.Н. дайындап, өткізді.