«Төрт тоқсан төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында осы жобаның «Таланттыға бай жанұялар» бөлімінде, сонымен қатар тәрбиеленушілерді табиғатқа, жер бетіндегі барша тіршілікке саналы көзқарасын тәрбиелеу мақсатында ""Достық" БЖШО" КМҚК «Үздік қоректендіргіш» тақырыбында байқау ұйымдастырды.

Байқауға әртүрлі материалдардан (ағаш, пластик бөтелкелер және т.б.) жасалған 23 қоректендіргіш қойылды. Байқауға ұсынылған жұмыстар өзіндік ерекшелігі мен құстар үшін практикалық маңыздылығы тұрғысынан қарастырылды. Жұмыстарды қазылар алқасының мүшелері бағалап, қатысушылар лайықты орындармен марапатталды.

Балалар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы олардың арасында жақсы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, баланың дамуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Қатысушылардың ата-аналарына қоректендіргіштерді жасауға көмектескендері үшін ерекше алғысымызды білдіреміз! Балалардың жасаған еңбектерінің жемісі көктемде құстардың ризашылықпен сайрағанын естиміз деп сенеміз!

Байқауды ұйымдастырушы: Ильтнер З.Т.