Бүгін, 2025 жылдың 20 наурызында музыка бөлімінің оқушылары Наурыз мейрамына арналған Республикалық музыкалық челленджге қатысты.
Шараның мақсаты-жас ұрпақты рухани-адамгершілік мәдениетке, патриоттыққа тәрбиелеу, еліміздің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра тартуды кеңінен насихаттау.
Домбыра челленджі-бүкіл елді домбыраның бір үніне біріктіре отырып, балалар мен мұғалімдердің музыкалық шеберлігін көрсету мүмкіндігі.
Челлендж қазірдің өзінде айтулы мәдени оқиғаға айналды, себебі домбыра үні бүкіл елде бір мезгілде естілді.
Домбыра челленджі















