«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында “Әз, наурыз құтты болсын” атты мерекелік іс-шара өтті. “Қазақ тілі мен әдебиеті” үйірмесі ұйымдастырған іс-шараға “Знай-ка” және “Қызықты математика” үйірмелерінің тәрбиеленушілері белсене ат салысты. Наурыз мерекесі туралы өлең шумақтырын нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, қойылымдар көрсетіп, мың бұрала би билеп, ұлттық ойындар ойнады.
Наурыз















