Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Қазақ халқының ою-өрнек өнері

Қазақ халқының ою-өрнек өнері-байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған түрі. Қазақтың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен астасып, этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекшелене түскен. Демек, ою-өрнек-ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы-рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы.
Қосымша білім беру педагогы А.Б. Сейтенованың жетекшілігімен наурыз мейрамы қарсаңында "Сувенир" үйірмесіндегі сабақтарында балалар дәстүрлі ұлттық қолөнер түрлері бойынша кесте тігіп, киізден ою-өрнектер жасады.