5 наурызда “Достық” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Нәзікжандылар үшін дарынды жас жүргізушілер, шығармашылық топтар өнер көрсетті. Аруларға арнап балалар хоры әуелдете ән шырқаса, домбырашылар күмбірлете күй төкті. Музыкалық қойылымдар, жүректі елжіретер өлең шумақтары мен сәні үйлескен әсем билер жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
5 наурызда “Достық” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті