2018 жылдың 12 қыркүйегінде Приозерск қаласында, «Достық» балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалар мен жасөспірімдердің аутодиструктивтік мінез-құлқына жол бермеу үшін «Сенім» қоғамдық қабылдауы ашылды. Ашылу рәсіміне Приозерск қаласының әкімі Камзин Қайрат Амангелдіұлы, қала әкімінің орынбасары Қазиева Ботагөз Ануарқызы, білім бөлімінің басшысы Қасымова Гуля Кеңесқызы, жалпы білім беру мектептерінің директорлары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, журналистер қатысты. «Сенім» қабылдау бөлмесінің ашылуы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» атты кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Сенім» қоғамдық қабылдауының бастамашысы және демеушісі «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ болды. «Сенім» қабылдауында қажетті жабдықтар: жиһаз, компьютер, теледидар, музыкалық орталық, әдістемелік құралдар сатып алынды.
"Сенім" қабылдау орталығының негізгі қызметі Приозерск қаласындағы аутодерструктивтік мінез-құлықты балаларға көмек көрсету және анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру болып табылады. Қоғамдық қабылдауға жылына шамамен 200-дей адам білікті психологтарға қатысып кеңес алады деп жоспарланып отыр. Жасөспірімдерге БАҚ және стереотипті жаппай сананың әсер етуі, эмоционалдық тұрақсыздық және жоғарғы сезімталдық, осы жасқа тән белгілер, елеулі сәтсіздіктерді еңсерудегі тәжірибенің жоқтығы, өмірдің мағынасын жоғалтуға әкеліп, жасөспірімдер үшін аутодерструктивтік мінез-құлық үлгісін таңдауына ықпал етеді.
Қоғамдық қабылдау іс-шаралары балалар мен жасөспірімдерді қиын өмірлік жағдайларға сындарлы шешім қабылдауға, бос уақытты балама тәсілдермен өткізуді табуға, ерік-жігерін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.