23 қыркүйек күні "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында сыныптан тыс іс-шаралар жоспарына сәйкес, жоба шеңберінде "Еңбегі адал жас өрен" кіші жобасын іске асыру бойынша "Спорттық ойындар күні" спорттық жарыс өткізілді. Аталмыш іс-шараны орталық педагогтары З.Т. Ильтнер мен Н. П. Шалабаеваның жетекшілігімен, "Знай-ка-" және "Перевоплощение " үйірмелерінің 72 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар көңілді эстафеталарға белсенді қатысты. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жиналған жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар ерекше әсер алып қайтты.