Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Мейірімділік мектебі. Эксперимент

Мейірімділік-жүректе. Оны жақындарымыздың , достарымыздың, ұстаздарымыздың жылы жүзінен аңғаруға болады. Жақсы сөз жанымызды жадыратып, қуанышқа бөлейді. Жүрекке жылы сөзді айтқан адам мен ол сөздің өзіне арналғанын сезінген адамға да ерекше көңіл-күй сыйлары сөзсіз. 15 қыркүйекте "Сенім" кабинетіндегі орталық тәрбиеленушілері  "Өсімдіктің өсуіне жақсы сөздердің әсері" экспериментін бастады. Бұл күні балалар өсімдіктердің өскіндерін кесіп, суы бар бірдей ыдыстарға салды. Эксперимент 3 айға созылып, 15 желтоқсанда аяқталады. Осы уақыт ішінде балалар белгіленген ыдыстағы өскіндерді  мақтайды, оған жылы сөздер айтады. Екі өскін де бірдей жағдайда өседі. Эксперименттің соңында біз алған нәтижелермен бөлісеміз.