"Тәуелсіздік батырлары – Қазақстан спортшылары"
Тәуелсіздік күні қарсаңында 14.12.18 жылы "Знай - ка" үйірмесінде Ильтнер Зәуреш Тілеутайқызының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік батырлары – Қазақстан спортшылары" тақырыбында патриоттық тәрбие беру бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
«Менің Қазақстаным – менің болашағым!»
Азаматтық және патриоттық сезімді қалыптастыру, өз елінің рәміздеріне, оның тарихына, дәстүрлеріне, өз азаматтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың 12 желтоқсанында педагог Лахова Жансая Нүрсейтқызы "Менің Қазақстаным – менің болашағым!" атты сабақтан тыс іс-шара өткізді.
«Туған өлкем-Қазақстан»
«Сувенир» қолөнер үйірмесінде 13.12.2018 күні Сейтенова Анаргул Базарбаевна «Туған өлкем-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат: Тәрбиеленушілерге өз Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілер, «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсінді.
Сонымен қатар, балалар түсті қағаздан Астана көркі «Байтерек» аппликациялық әдіспен жасады, дайын жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырылды.
КМҚК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз Қазақстан" атты концерт өтті.
8 желтоқсан күні ""Достық" балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы" КМҚК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз Қазақстан" атты концерт өтті.
Концертке орталықтың музыка және көркем өнер бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты.
"Денсаулығым – байлығым!"
2018 жылдың 21 қарашасында "Happy englich" үйірмесінде педагог Лахова Жансая Нүрсейтқызымен "Денсаулығым – байлығым!"(СӨС) атты сынып сағаты өткізілді. Сабаққа орталық педагогтары қатысты.
Табиғаттың ғажайып сұлулығы
14 қараша күні "Знай - ка" үйірмесінде педагог Ильтнер Зәуреш Тілеутайқызы "табиғаттың ғажайып сұлулығы" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді