Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)- 2 651 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы мөлшері-38 636 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД)-31 183 теңге;

Ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері- 16 839 теңге;

Ең төменгі жалақы мөлшері-42 500 теңге.

2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы мөлшерлері 7 % өседі. 2020 жылы зейнетке шығатын азаматтар үшін зейнетақы төлемін есептеу үшін ескерілетін ең жоғарғы табыс 46 АЕК құрайды. Айлық есептік көрсеткішінің жоғарлауын есептеумен ескерілген табыс сомасы өзгереді. 2019 жылы зейнетақы төлемін есептеуге ескерілген шектелген табыс 116 150 теңгені құраған, 2020 жылы 121 946 теңгені (46 АЕК х 2651 тенге) құрайды.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлері, сонымен қатар медико-әлеуметтік мекемелерде  тұратын және түзету мекемелерінде тұратын тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы               №126 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңының 12, 16 және 18 баптарымен қарастырылған мөлшерде белгіленеді және күнкөріс деңгейінің мөлшерінің жоғарлануына байланысты өседі.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар №1 және №2 Тізім бойынша, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы баланың тууына байланысты, мемлекеттік жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен марапатталған  немесе  бұрында «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» орденімен марапатталған көп балалы  аналарға мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерлері сонымен қатар Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси репрессия құрбандарына тағайындалған, алайда төленбеген бір жолғы ақшалай қаражаттар ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінің жоғарлауына байланысты өседі.

Мемлекеттік  жәрдемақы мөлшері мүгедек балалар ата-анасына, асыраушысына, тәрбиелеушіне, мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бала кезінен 1 топтағы мүгедекке күтім  жасайтын отбасына (тұлғаларға) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап КД жоғарлауына байланысты өседі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері күнкөріс деңгейінің ауқымының жоғарлауына байланысты өседі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер жұмысқа қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына 5% өседі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға» (одан әрі-көпбалалы отбасына жәрдемақы) мемлекеттік жәрдемақыны енгізу қарастырылуда.

Бұл ретте, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) тағайындалған көпбалалы отбасыларға ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АМЖ орнына көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы төленеді.

Бала санына қарай көпбалалы отбасына дифференциалданған жәрдемақы мөлшері белгіленді:

- 4 балаға-16,03 АЕК;

- 5 балаға-20,04 АЕК;

- 6 балаға- 24,05 АЕК;

- 7 және одан көп балаға-28,06 АЕК.

2020 жылдың 1 қаңтарына Жезқазған қаласында 755 көпбалалы отбасы 10504 теңге мөлшерінде АМЖ алды, жәрдемақының бір түрінен басқа түріне ауысу автоматты түрде жүргізілді, сонымен қатар 451 көпбалалы отбасы аталмыш жәрдемақы түрін жаңадан тағайындауға жүгінді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1206 көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақыны төменде көрсетілгендей алатын болады:

- 4 балаға-42496 теңге

- 5 балаға-53127 теңге

- 6 балаға -63757 теңге

- 7 және одан көп балаға-74388 теңге

2020 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнет жасы – 59 жыл 6 ай, ал, ерте зейнетке шығуға жеңілдіктерге құқығы бар әйелдерге:

  • 45 жаста - ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес 1949 жылдың 29 тамызынан бастап 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңде ең жоғарғы радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан аса тұрған әйелдер.
  • 53 жаста - бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген әйелдер.

1960 жылдың екінші жартысында туған әйелдерге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және базалық зейнетақы төлемдерін тағайындауға уақытылы жүгінулері қажет.

 

 

 

Қалалық және ұялы телефондардан 1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, Сіз:

  • зейнетақымен қамсыздандыру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;
  • еңбек қатынастары;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Бұдан басқа, Байланыс орталығына Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық почта және  www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгіне аласыз.

         Әлеуметтік - еңбек саласында ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету басқармасына (Байланыс орталығы) сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүгіне аласыз.