Шағын орталықтағы тәрбиелік жұмысының басым бағыттарының бірі жанұямен бірге жұмыс жасау. Педагогтар мен ата-аналардың бір мақсаты денсаулығы зор, жан-жақты дамыған тұлғаны өсіру болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды үйлесімді тәрбиелеу патриоттық тәрбиенің басты бағыты.


2019 жылдың 3 мамырында «Балауса» шағын орталығында Қазақстан ұлтының Бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған жанұялық спорттық шара өткізілді.


Мектепке деінгі балалар екі командаға бөлінді - «Крепыши»(күштілер) және «Смельчаки» (батылдар). Спорттық шара барысында балалармен және олардың ата-аналарымен Қазақстанның халық ойындары өткізілді. Олар: «Шаңырақ» қазақ халық ойыны, «Чепена» осетин халық ойыны «Оксак-қарға» өзбек халық ойыны, «Аспан, Жер, Су, От» армян халқының ойыны, «Змейка» - атты белорус ойыны және «Диірмен» орыс халқының ойыны.


Балалар үлкен қызығушылықпен ойындар мен эстафеталарға қатысты. Порттық шараның соңында командалар медальдармен марапатталды.


Жарыстың басынан бастап соңына дейін балалар мен ата-аналардың көңіл күйлері көтеріңкі болды, оң эмоциялар алды. Жалпы спорттық шарадан жақсы әсер қалды.


.